Аймақтар • 06 Сәуір, 2021

Қостанайлық құтқарушылар вакцина салдырды  

16 рет көрсетілді

Қостанай облысында төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе ала бастады.

Құтқарушылар вакцинаны әрқайсымыз өз ұйғарымымыз бойынша ерікті түрде қабылдап жатырмыз дейді.

Департамент қызметкерлері алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана екпеге жіберілді. Сағат 10:00-де қасына орынбасарларын ерткен департамент бастығы Біржан Кәрімов бастаған 10-нан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін ектірді. Вакцина алған соң олар 30 минут бойы дәрігердің бақылауында отырды. Екпе салдырғандар 3 күн бойы өздері тіркелген емханадағы учаскелік дәрігердің бақылауында болады. Екпе алған барлық құтқарушыға вакцина теріс әсер еткен жағдайда өздері жүгінуге болатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама үлестірілді.

«Екпе басталғалы пациенттерден вакцинаның теріс әсер еткені жөнінде ешбір шағым түскен жоқ», дейді дәрігерлер.

- Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері осал топқа кіретін контингентке жатады. Өйткені олар апаттық-құтқару немесе профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында, сондай-ақ күнделікті қызмет үстінде үнемі халықпен тығыз байланыста болады. Сондықтан қауіптің алдын алу үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларға вакцинация қажет, - деді ТЖД бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Біржан Кәрімов.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар