Оқиға • 07 Сәуір, 2021

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи рес­урстар министрлігі Қазақстанның «Қызыл кітабына» жолбарыс, Оң­түс­тік-Батыс Азия қабыланы және кер­құлан (Пржевальский жылқысы) кіргенін хабарлайды.

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енді

«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы №1034 қаулысына толық­тырулар енгізу бұған негіз болды.

Айта кетейік, Алдыңғы Азия қабыланы популя­циясының әлемдегі жалпы саны 870-1,3 мың бас­ты құрайды, Қазақстанда тек Үстірт мемлекеттік та­биғи қорығында ғана кездеседі. Сонымен қатар бүгінгі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңындағы жолбарыстарды қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Бұл аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды.

Пржевальский жылқысы жабайы жыл­қылардың кіші түрлеріне жатады, жыл­қы тұқымының сирек кездесетін өкіл­дерінің бірі. Елде шамамен 10 шақ­ты бас бар. Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қазақ­станның «Қызыл кітабына» өсім­діктердің 400-ге жуық түрі мен омырт­қалы жануарлардың 133 түрі енген.