Өнер • 07 Сәуір, 2021

Ұлытаудың таңғажайып табиғаты

1128 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында фотосуретші Дмитрий Ругистің «Қасиетті Ұлы­тау» атты фотокөрмесі ұйым­дас­тырылды. Келушілер назарына автордың «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қо­рық-мұражайында бірнеше жыл қатарынан түсірілген туындылары ұсынылды.

Ұлытаудың таңғажайып табиғаты

Дмитрий Ругис Ұлытауды аты аңыз­ға айналған өлке ғана емес, та­биғаты таңғажайып атырап деп те есептейді.

– Бұл аймақтың табиғаты әр­алуандығымен таңдай қақтырады. Солтүстігіндегі көлдерде қоқиқаз ұя салады. Оңтүстігінде – Бетпақдала құмдары. Солтүстік-Батысында таң­ғажайып Ақжар борлы таулары, өзен­нің терең арналары бар. Орта тұ­сында таулар тізбегі орын тепкен. Бұл даланың әйгілі тауларының бірі Әулиетау әлемге танымал Арарат, Кайлас, Килиманджаро сияқты алыптармен теңесе алады, – дейді ол.

Дмитрий Ругисті Ұлытаумен бел­гілі фотограф Ерболат Шадрахов та­ныстырған екен. Осы жерде ол жер­гілікті мұражай-қорықтың директоры Бақтияр Қожахметовпен кездесіп, екеуінің арасында ынтымақтастық қа­рым-қатынас орнаған.

1

Аталған қорықта мұражай фотографы болып қызмет ете жүріп ол National Geographic Qazaqstan, «Ве­тер странствий» және «Вокруг света» газет-журналдарына арнап ма­қа­лалар жаза бастаған. Nomad Explorer компаниясының басшысы Марғұлан Сейсембаймен таны­сып, бүкіл Қазақ­стан бойынша ұй­ымдастырылған экс­педицияларға қа­тысты.

Қазіргі таңда Дмитрий Ругис өте табысты фотосуретші. Оның фото­суреттері «Жезкиік», «Оңтүстіктің аңыз­дары», «Памир трактісі» фотоальбомдарын шығаруға негіз болған. Бүгінде бұл еңбектерге деген сұраныс өте жоғары. Жақында шебердің «Киелі Ұлытау» фотожазбасы баспадан шықты.

Фотосуретшінің Ұлытауды мекен еткен адамдарға деген құрметі зор. Олардың қонақжайлығын, тіпті күнделікті киімдеріндегі қазақы ою-өрнектерінің ерекшеліктеріне дейін аузынан тастамай айтып отырады.

– Дәл осы үшін туристер бұл ай­маққа келеді. Оларға соншалықты жай­­лылықтың қажеті де жоқ. Сая­хат­шылар біздің заманымызға жеткен ежелгі дәстүрлер мен қолөнерді көргісі келеді. Ұлттық нақышты сезініп, тарих пен тамаша сұлу табиғаттың тылсымына шомуды қалайды. Жалпы Ұлытаудың болашағы зор, – дейді фотосуретші.

Алдағы уақытта Дмитрий Ругис еліміздің бірегей және тарихи ма­ңы­зы бар жерлерінің фотосуреттер мұ­рағатын жинағысы келеді. Өзі әлі болып көрмеген Жоңғар Алатауына баруды армандайды.

1

Дмитрий Ругистің фотография өнерімен айналысқанына он жылдай болған. Бүгінде ол белгісіз әуесқой фотографтан National Geographic Qazaq­stan журналы мен Nomad Explorer саяхатшылар бірлестігінің танымал бейногра­фы, өлкетанушысы және фо­то­суретшісіне айналды. Қазір ол TEFA Eurasiaphoto шығармашылық бір­лестігін басқарады және Қазақ Гео­­графиялық қоғамының белсенді мү­шесі.

 

ҚАРАҒАНДЫ