Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

Шымкентте 14 нысан шектеу шараларын бұзған

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында соңғы тәулікте 72 адам КВИ жұқтырып, 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылған. Оның 56-сы үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте 14 нысан шектеу шараларын бұзған

Оңтүстік шаһарда санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Өткен тәулікте қаладағы 373 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 14 нысанда карантин режімінің талаптары бұзылғандығы анықталған.

«Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Ондағы төсек-орын толымдығы – 26,7%. 1012 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 368 науқас емделуде» делінген хабарламада.