Ақтөбе қаласындағы «Білім-Ақтөбе» мектеп-интернатының оқушылары арасында індеттің тіркелуіне байланысты облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті инфекциялық ауру ошағында дереу эпидемияға қарсы іс-шара жүргізді.
Санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің өкілі: «Бір оқушы мен байланыста болған 12 бала оқшауланды, медициналық бақылауға алынды. Бір сыныптың оқушылары 14 күн бойы онлайн білім алады. Өзгесі оффлайн оқуды жалғастырады. Мектеп-интернаттың барлық тәрбиеленушісі медициналық бақылауға алынды. Олардың температурасы күніне екі рет өлшенеді. Мұнда карантин, ешкім үйіне жіберілмейді», деп мәлімдеді.