Осынша мөлшердегі кеңес ақшасы бала күнімнен жадымда ешқашан өшпестей сақталып қалды. Бұл – әкемнің ай сайын алатын зейнетақысының сомасы. Жасы қырықтан асқанында жаңадан құрылған ұжымшарға малшы болып кіргендіктен, зейнетке шығарда еңбек күні (қазіргі еңбек өтілі) аздық етіп, қарттық шағына мардымсыз нәпақа бұйырыпты. Ал сол кездегі жоғары оқу орнының тойып тамақ ішуге ақшасы жетпей, ашқұрсақ жүретін студентіне айына 40 сом стипендия төленгендігін ескерсек, бес жаннан құралған отбасының жалғыз асыраушысының табысының деңгейі қандай болғандығын бажайлауға болар.

Сол кезде, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында, Кеңес өкіметі ауыл адамдарының жекеменшік мал ұстауына қатаң шектеу қойып, не бір сиыр, не бір жылқы өсіруіне ғана рұқсат берген болатын. Қазекем:
«Сталин берген байталды,
Хрущев келіп қайта алды,
Айналайын Брежнев
Бие қылып қайтарды», деген әзіл-шыны аралас өлең шығарған заман еді. Зейнетақысы дүкеннен қант, шай, тұз секілді ауылда өндірілмейтін азық-түлік түрлерін сатып алуға зорға жететін болғандықтан, әкем сиыр ғана емес, жасырып бие де ұстайтын. Кеңшар орталығындағы ауылдық кеңестен тексерушілер шығыпты деген хабар құлағына тиісімен, жасы жетпістен асса да, биесін ерттеп мініп, қасына құлынын ертіп, қырық шақырымдай жердегі орман шаруашылығының директоры болып істейтін ауқатты жиенінің үйіне барып, сонда бір жұмадай қонақтап, тығылып жатушы еді. Ал қораларындағы малы біздікінен әлдеқайда көп ауылдастарымыз тексерушілерге бәйек болып, қой сойып, ішкізіп-жегізіп, «тіл табысып» жататын...
Біздің үйдің тұрмысы төмендігін мектеп басшылары білген ғой – маған жыл сайын жаппай оқу қоры есебінен киім-кешек бөлетін. Басында мен оған намыстанып, алмай кеткендіктен, мұғалімдер шешеме өздері әкеліп беретін болыпты. Сосын апам мені алдап-сулап үгіттеп, үкімет берген арзанқол киімді киюге әрең көндіретін.
Жоғары сыныптарда оқып жүргенімде достарым жыл сайын туған күндерін тойлауды шығарды. Оған құр алақан баруға ұялып, сыйлыққа әрқайсымыздан 1 сомнан жинайтын болдық. Бір жолы осындай басқосуға баруға үйімнен 1 сом да табылмай, отбасын небәрі 19 сом 68 тиынға қаратып қалдырып, қартайғанында туған жалғыз ұлы мені жеткізе алмай, дүниеден арманда өткен марқұм әкеме де, үш баласын асырау үшін басын тауға да, тасқа да соғып жүрген қайран анама да пендешілікпен қатты өкпелегенім бар. Бірге бару үшін іздеп келген сыныптастарым: «Сен ақша бермесең де бізбен бірге жүрші...», деп қиылғандарына қарамастан, намысым ұстап, бармай қалдым. Сол жолы қатарымнан қалып қойғаныма іштей қорланып, оңашада көз жасыма ерік беріп, «Қашан жұмыс істеп, ақша табар екенмін?..» деп армандағанмын.
Сегізінші сыныпта оқып жүргенімде газеттерге анда-санда мақала жазып, аз-мұз қаламақы алып тұратын, аяқ-қолының кемдігі бар көрші ағамыз бірде мені шақырып алып, шимай-шимай етіп жазғандарын ақ қағазға әдемілеп көшірткізді. «Аурудан басқаның бәрі жұғады» демекші, содан кейін мен де ауыл өмірінің жақсы жаңалығы мен кем-кетігін іздеп тауып, мақала жазуға кірістім. Жазғандарым «Көкшетау правдасы» деген шалақазақ атауы бар өңірлік басылымда жарияланып, кейін маған да пошта аударымы арқылы тиын-тебен келгенде қуанышым қойныма сыймады. Тіпті «Клуб па, әлде, құлып па?» деген тақырып қойып, ауылдағы жалғыз мәдениет ошағының кешкілікте жабық тұратындығын сынаған мақалам шыққан соң жұмыстан кейін баратын жер таба алмай, көшеде текке сенделіп жүретін жастардың көкейкесті мәселесі шешімін тауып, олардың алдында беделім өсіп қалды.
Аяз бидің ордасының маңдайшасына іліп қойған жаман тоны мен жаман тұмағы сияқты көз алдымда көлеңдеп тұратын 19 сом 68 тиын мен балалық шағымның кейбір көңілсіз көріністерін есіме тағы бір алғызған жағдай – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің кей өңірлерінде тұрмысы төмен отбасылардың жасы 14-тен асқан оқушы балаларын жазғы каникулда әртүрлі қоғамдық жұмыстарға тартып, айына 42 500 теңге жалақы төлеу қолға алынғандығы. Менің бала кезімде осындай мүмкіндік болса, мүлт жібермес едім-ау...
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар