Пікір • 09 Сәуір, 2021

Ашық қоғамға – ашық архивтер

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шара Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесімен бірлесіп, бейнеконференциялық байланыс түрінде ұйымдастырылды.

Ашық қоғамға – ашық архивтер

Семинардың негізгі дәріс­кері Президент Архиві­нің директоры Ж.Әбдіқадырова Ұлттық архив қорының құжат­тарын пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталып, зерттеушілердің қор құрамымен қашықтан Ар­хивтің сайты арқылы таны­суға мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар Ар­хивтің Алаш қозғалысының тарихы бойынша, 1939-1945 жылдары. Екінші дүниежүзілік со­ғыс­тың қазақстандық әске­ри тұтқындары, өткен ғасыр­дың 30-жылдарындағы ашар­шы­лық, 1930-1940 жылдардағы Қазақ­станға күштеп қоныс аударуға қатысты жобалары ту­ралы айтып өтті. Саяси қ­у­­ғын-сүргін құрбандарын то­­лық ақтау бойынша Мем­ле­кет­тік комиссияның жұмыс топ­­тарының негізгі тақы­рып­та­ры осы мәселе­лермен астасып жат­­қанына баса назар аударды.

Семинарға қатысушылар архив жұмысына қатысты өз­­дерін қызықтырған сұра­қ­тарына жауап алып, бірқа­тар мәселе бойынша қызу пікір­талас туындады. Қатысушы­лардың көпшілігі Президент Архивіндегі зерттеушілердің жұмыс істеуі үшін жасалған қолайлы жағдайды атап өтті.

Өткен ғасырдағы Қазақ­стан та­ри­хының қасіретті оқиға­ла­ры­на қатысты құ­жат­тар негі­зінен, Президент Архивінің 139, 141 және 708-қорларында топ­­­тас­ты­рылған. Аталған қор­­ларда сақтаудағы архив­тік құжат­тар құжаттық жи­нақ­­­тарда жариялану ар­қы­лы бел­сен­ді түрде ғылыми ай­на­­лым­ға енгізілуде. Осын­дай құ­жат­тық жинақтың бірі – Қазақ­стан халқы Ассам­б­леясы­мен бірлесе дайындалған «Де­пор­тациялар тарихынан» құ­жат­тық жинағы. Жинақтың 1930-1945 жылдар аралығын қам­­­тиын үш кітабы жарыққа шық­­­­қан, төртінші кітабын да­йын­­­­дау жұмыстары қазіргі уа­­­қыт­­­та жүргізіліп жатыр. Жұ­­мыс топ­­тары мүшелерінің өті­ні­­ші бо­йын­­ша жинақтың үш кіта­бы Архив сайтына орналастырылады.

Саяси қуғын-сүргін құр­­бан­дарын толық ақтау бо­­йын­ша Мем­лекеттік комис­сия­­ның Жо­ба­лық кеңсесі­нің жетек­ші­сі С.Қа­сымов өз сөзін­де Пре­­зи­дент Ар­хивінің құ­жат­тар­ға қол­же­­тім­ділікті ұйым­дасты­ру­дағы тә­­жі­­ри­бесі басқа да өңірлік, рес­­пуб­ли­калық және арнайы ар­хив­терге пайдалы боларын атап өтті.

Семинар жұмысына Саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын то­­лық ақтау бойынша Мемле­кет­тік комиссияның жұмыс то­п­тары­ның мүшелері, Прези­дент Ар­хивінің қызмет­керлері мен Ғы­лыми кеңесінің мүшелері қатысты.

 

Мұхаммед ЖЫЛГЕЛДИНОВ,

Қазақстан Президенті Архивінің қызметкері

 

Соңғы жаңалықтар