Бизнес • 09 Сәуір, 2021

Киім брендтерін жасады

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Fashion Girlsin Business жобасы аясында «Кәсіпкерлік негіздері: SMM маркетинг және коммуникациялар» курсы бойынша тренингтердің бірінші топтамасы сәтті аяқталды.

Киім брендтерін жасады

«Кәсіпкерлік негіздері: SMM маркетинг және коммуникациялар» курсының сабақтарында практикалық тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар логотиптер мен сайттарды жасаудан басқа, өз брендтерін таныстырды. Курс тренері Әсел Қожақова Shine, Tyime, inseason сияқты жаңа креативті брендтер туралы айтып өтіп, брендтерді жақсартуға арналған ұсыныстар берді. Бүгінде Әсел Қожақова – Red Point Kazakhstan Маркетингтік коммуникациялар сервисінің негізін қалаушы және бас директоры.

Соңғы екі сабақта 31 наурыз бен 1 сәуірде қатысушылар әлеуметтік желілер мен мақсатты аудиторияны терең зерттеп, әлеуетті клиенттің портретін дұрыс құрастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар курс тренері қатысушыларға байланыс түрлерін зерттеуге және брендтерін жылжыту үшін қызықты мазмұнды дайындауға көмектесті. Бұл үшін қатысушылар фото және бейнематериалдар жасау, бизнесті дамыту және т.б. маркетингтің пайдалы құралдарымен та­ныс­ты, курс соңында жаттықтырушы Әсел Қожақова қыз­дар­ға өз брендтерін одан әрі дамыту үшін тілегін білдірді.

Келесі аптада Green TAL ЖШС әлеуметтік корпо­ра­ция­сының негізін қалаушы Эмин Аскеров «Кәсіпкерлік не­гіздері: бизнесті жоспарлау және сату» курсы бойынша оқытуды бастайды. Fashion Girlsin Business әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте іске асыратынын айта кетелік.