Спорт • 09 Сәуір, 2021

Нұрсұлтан Тұрсынов Токиоға барады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен өткен Олимпия ойындарының лицензиялық турнирінде Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Тұрсынов Токиоға барады

Айтулы жарыста Қазақстанның төрт балуаны боз кілемге шыққан еді. Солардың арасынан Нұрсұлтан Тұрсыновтың ғана бағы жанды. 87 кило салмақта сынға түскен қазақ балуаны жапониялық Масато Суми мен үндістандық Сушил Құмарды қапы қалдырып, финалға шықты. Ал финалға шыққан спортшылар Олимпиада жолдамасына иелік ететінін естеріңізге саламыз. 

Өкінішке қарай, қалған өзге жігіттеріміз ел сенімін ақтай алмады. Мейіржан Шермаханбет (67 кило) қырғызстандық  Марлен Асикеевтен, Олжас Сырлыбаев (97 кило)  Оңтүстік Корея өкілі Сейол Лиден ұтылды. Ал Георгий Цурцумия қатарынан екі белдесуде қарсыластарына есе жіберді. Сөйтіп, Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері Алматыдағы турнирде бір жолдамаға ғана қол жеткізе алды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше