Білім • 10 Сәуір, 2021

Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?

Шаһардағы эпидемиялық ахуалды реттеуге бағытталған жаңа құжатта негізінен IV тоқсандағы білім беру форматына бірқатар өзгеріс енгізілген.

Атап айтқанда білім объектілерінде оқытуды ұйымдастыру тәртібі былай белгіленген:

- 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушы саны 300-ге дейін, сыныптағы бала саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде балалар дәстүрлі форматта оқиды.

- білім объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртібінде ұйымдастыру көзделген. Мұнда тек мектеп бітіруші сынып (9, 11 (12) сыныптар) оқушыларының ата-ана өтініші бойынша мектепке барып оқуына рұқсат етілген. Олар сабақты аралас форматта (пәндердің 70% - дәстүрлі форматта, 30% - қашықтан) оқиды. Сыныпта 15 адамнан артық болмауы керек.

Білім объектілерінің жұмысы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының 10-тарауын сақтай отырып рұқсат етіледі.

Білім объектілерінде COVID-19 жағдайы тіркелген кезде объектіні карантинге жабу осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерін қашықтан оқыту жалғасады.

Білім мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салынады.

Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырып ұйымдастыруға рұқсат етілген. Жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салынады.

Бас санитардың жаңа қаулысы 12 сәуір күні сағат 00.00 бастап күшіне енеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше