Спорт • 12 Сәуір, 2021

Юлия Путинцева үздік теннисшілер қатарына кірді

6 рет көрсетілді

Қазақстандық Юлия Путинцева бүгін жаңартылған WTA рейтингінде үздік отыз теннисшінің қатарына қайта кірді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен аптада Чарльстон WTA 500 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Ю.Путинцева 31-ден 30-орынға көтерілді.

Юлияны жеңген черногориялық Данка Ковинич кейін финалда ғана жеңіліс тауып, бірден 26 сатыға жоғарылап, 65-орынға жайғасты. Ал осы айтулы додада жеңімпаз атанған ресейлік Вероника Кудерметова 38-ден 29-орынға көтеріліп, Ресейдің 1-ракеткасы атанды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-орнында қалса, Зарина Дияс 88-ден 90-ға сырғыды.

Қазақстан әйелдер құрамасын осы аптада маңызды кездесулер күтіп тұр. Қазақстандықтар 16-17 сәуір күндері Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Аргентинаның Кордова қаласында корт иелерімен матч өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында жер сілкінді

Аймақтар • Бүгін, 17:39

Мереке қарсаңында марапатталды

Аймақтар • Бүгін, 13:58

Ұқсас жаңалықтар