Әдебиет • 12 Сәуір, 2021

Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды

745 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ресей Ұлттық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды

Көрме Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы мен жергілікті «Ата-Мекен» қазақ диаспорасы бірлестігінің ортақ бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ресей Ұлттық кітапханасының басшылығы, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ және басқа диаспоралардың өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрмеге әлемнің бірнеше тілінде жарық көрген Жамбылдың шығармашылығына байланысты 100-ден астам түрлі экспонаттар қойылды.

Кітапхана басшылығы аталған іс-шараның екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту үшін маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, бұл шара Санкт-Петербург аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.