Үкімет • 12 Сәуір, 2021

ЕАЭО-ның тізіміне енгізілмеген өнімдерге қатысты заң жобасы қаралады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 15 сәуірде өткізілетін Сенат отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Еgemen.kz.

ЕАЭО-ның тізіміне енгізілмеген өнімдерге қатысты заң жобасы қаралады

Алдағы Палата отырысында сенаторлар «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Бұл келісім Бірыңғай тізімге енгізілмеген, міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің ЕАЭО нарығындағы айналымын реттейді. Қазіргі таңда мұндай өнімдердің көлемі кемінде 15 пайызды құрайды.

Аталған өнімдердің қауіпсіздігін ЕАЭО заңнамасына сәйкес өнімді өндіретін және жеткізетін жеке кәсіпкерлер, оның ішінде дайындаушылар, сатушылар және импорттаушылар қамтамасыз етеді. Осы ретте қауіпті өнімді айналымға шығару жауапкершілігі Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сай белгіленетінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.