Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе салдыру ақпан айының алғашқы күнінен басталды. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, мұғалімдер, учаскелік полицейлер, студеттер, медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, мемлекеттік күзет қызметінің мамандары бар. Сондай-ақ, оған полиция басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметшілер. ҚР аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері саналатын азаматтар, ұлттық құрама командалардың мүшелері енгізілген. Аталған тізімге қант диабеті, өкпенің созылмалы обстркутивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі секілді созылмалы дерттері бар адамдар қосылады.
«Айта кетерлігі, олардың ішінде медицина қызметкерлері 4330 (40,6%), мұғалімдер 2619 (24,5%), учаскелік полицейлер 855 (8,0%) адамды құрайды. Вакцинаның алғашқы партиясы облысқа 1 ақпанда жеткізілсе, одан кейін 2 наурызда толықтырылды. Биылғы жылдың 1 сәуірінде үшінші, 9 сәуірінде төртінші партиясы жеткізілді. Қазір жергілікті жерде 16100 доза бар. Қазірге дейін 10659 доза вакцина салынды», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.