«Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы - кең пейілдің, береке-бірліктің және ізгіліктің, ынтымақ пен мейрімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын,» деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық елімізге тыныштық және өркениет тіледі.