ANTIKOR • 13 Сәуір, 2021

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы туралы баяндады

576 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың қорытындысы бойынша орындалуына жүргізілген мониторинг және бағалау туралы ақпаратты жариялады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы туралы баяндады

2020 жылы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 27 іс-шараны іске асырды. Аталған жоспар 2018 жылы 31 мамырдағы № 309 Үкімет  қаулысымен бекітілген.

Мысалы, жоспар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту бөлігінде Агенттік 2020 жылғы 20 ақпанда Президент Әкімшілігіне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар жіберді.

Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті қорғау мақсатында Агенттік кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқаны, заңсыз ұстағаны және өзге де бұзушылықтар үшін жазалау мерзімдерін ұлғайту жөнінде бірқатар ұсыныстар бергенін атап өткен жөн.

Осыған ұқсас ұстанымды ҚР Бас прокуратурасы білдірді, оны барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Соты қолдады.

Жоғарыда көрсетілген шаралар Іс-шаралар жоспарының тек бір тармағын іске асыру нәтижелері бойынша ғана қабылданды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы толық ақпаратпен Агенттіктің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/153003?lang=kk