Технология • 14 Сәуір, 2021

Цифрландыру суды үнемдеуге септеседі

275 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында цифрландыру жұмыстары қарқын алып келеді. Атап айтқанда, Түркістан облысының Жетісай ауданындағы К-19 каналында қанатқақты жоба енгізіліп, автономды жүйе суды үнемдеуге септесіп отыр.

Цифрландыру суды үнемдеуге септеседі

«Бұл жоба 2019 жылдың қыр­­­күйек-қазан аралығында жү­­зеге асырылды. Техноло­гия­ның ар­тық­шылығы сол, суды да, қа­ра­жатты да үнемдеуге мүм­кін­дік береді. Осы тәжірибені ес­керіп, алдағы бес жылда «Қаз­сушар» мекемесінің Түр­кіс­­­тан фи­лиалындағы 25 су ка­налы автоматтандырылады. Нәти­жесінде, суармалы су­ды 20%-ға үнемдеуге қол жет­кі­зіледі деп болжануда. Осылай­ша, егістікке су жіберуде адам факторы орын алмайды», деді «Қазсушар» кәсіпорнының Түр­­кістан филиалындағы автомат­тандыру бөлімінің жетекшісі Қал­дархан Мейірманов.

Осыған дейін бұл каналда су дәстүрлі жолмен есептеліп келді. Сондықтан су шығынын дұрыс бақылау қиынға соғып, қолдағы ресурсты тиімсіз пайдалану әдет­тегі жағдайға айналды.

«Еліміздегі үлкен проб­ле­­­ма­ның бірі – артық су жо­­­ғалту. Оның көлемі қазір 40%-ды құрайды. Сол себепті рес­­публикалық бюджет пен шет­елдік банктерден қаражат тарту арқылы судың есебін цифрландыру нәтижесінде бақылау қолға алынды. Жаңа технология үш ай ішінде нәтижесін беріп, су шығыны азая бастады. Алдағы жоспарымыз – 5 жыл ішінде елі­міздегі 119 ірі каналдарды цифр­ландыру», деді Экология, гео­логия және табиғи ресурстар ми­нис­трі Мағзұм Мырзағалиев.

Ведомство басшысы жер­гі­лікті халықтың шағымдарын тыңдап, тұрғындар суармалы мау­сымда суды уақтылы жет­кізуге байланысты өтініштерін білдірді. Министр елімізде 30-ға жуық су қоймасы жөндеуді талап ететінін, қазір каналдардың біразы жөнделіп, қалғанында жобалық-сметалық құжаттар да­йын­далып жатқанын түсін­дірді. Сонымен бірге суды үнемдеу диқандардың өздеріне де байланысты екенін жеткізді.

«Вегетациялық маусым жа­қындап келеді. Фермерлерді су­мен қамтамасыз ету – біздің не­гізгі және стратегиялық мін­детіміз. Мау­сымның сәтті өтуі осы­ған бай­ланысты. Облыста ауданы 300 мың гектардан асатын суармалы жерлер бар, жұмыс тәулік бойы жүргізілуі тиіс, сон­дықтан су үнемдеу технология­ларын пайдалану маңызды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы та­уар­ларын өндірушілердің өзде­рі де суды ұқыпты және тиім­­ді пай­­далануы қажет», деді М.Мыр­за­ғалиев.

Өңірде тозығы жеткен су ша­руашылығы инфра­құ­ры­лымын қайта құру бағы­тында ауқымды жоба іске асырылуда. Көптеген нысан өткен ға­сырдың басында пайдалануға берілгендіктен жөн­деу мен қал­пына келтіруді қажет етеді. Аталған жоба күн­гейдегі 62,3 мың гектар суармалы жерді қамтып, судың шығынын жылына 199 млн текше метрге дейін азайтуға, егістіктерді сумен қамтамасыз етуді 100%-ға дейін арттыруға және ауыл тұр­ғындары үшін 12,4 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан жыл сайын көр­шілес елдермен транс­шека­ра­лық су ресурстарын пайдалану жөнінде келіссөздер жүр­гізіп жатқаны белгілі. Ал­дын ала қабылданған шаралар өте ма­ңызды. Алайда сумен қам­тамасыз етуде су шаруа­шы­лы­ғы ны­сандарының жай-күйі де маңызды орын алады. Сондықтан оның тиімділігін қам­тамасыз ету үшін жұмысты кү­шейту ма­ңыз­ды», деді еліміз­дің бас экологы.

Министрліктің бастамасымен қолға алынған «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетіл­діру (ИДЖЖЖ-2) жобасы ар­қылы «Мақтаарал-1» бірінші жіберу кешені, «Мақтаарал-1» екінші жіберу кешені, «Арыс-Түр­­кістан», «Қызылқұм-1» және «Мақтаарал-2» ирригациялық-дре­­нажды желілерін іске қосу жоспарланған.