Коронавирус • 14 Сәуір, 2021

Коронавирусты жаппай вакцинасыз жеңу мүмкін емес – алматылықтар

25 рет көрсетілді

Еліміздің ірі мегаполисінде тұрғындарды жаппай вакциналау жүріп жатыр. Екпе салынатын 200-ден астам пункт келушілерді кезегімен қабылдап отыр. Вакциналау пункттерінің бір бөлігі ОСО мен базарлардың базасында ашылған. Екпе салдырған Алматы тұрғындары бұл қадамға не үшін барғандарын, процедураның қалай өткенін және қазір өздерін қалай сезінетіндерін айтуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирусқа қарсы вакцина алуға электронды жазылу 8 сәуірде басталды. Екпе салдыру үшін қалалық емханалар базасындағы пункттердің біріне аптаның кез келген күні сағат 8.00 мен 20.00 аралығында жазылуға болады. Коронавирустан вакциналау екі кезеңде өтеді. Алдымен бірінші инъекцияны салдыру қажет, 21 күннен кейін екіншісін алуға болады. Екпе алуға жазылғандардың бәріне СМС жіберіледі, онда қай күні және қай уақытта екпе алатыны көрсетіледі. Вакцинаны 18 және одан жоғары жастағы адамдар ала алады.

Егу пункттерінде білікті медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. Сонымен бірге медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларынан құралған еріктілер де қызмет етеді.

Вакцина алуға келген алматылықтар өз тәжірибелерімен бөлісуде және екпенің қаншалықты пайдалы екенін айтуда.

Екпе алғандар арасында Денсаулық сақтау министрлігінің ардагері, өмірінің 55 жылын медицинаға арнаған Зинаида Севрюкова да бар.

«Мен коронавирустан екпе алуға саналы түрде келдім. Бұл инфекция өте қауіпті, сондықтан әрбір адам өзінің және жақындарының өмірі үшін вакцина алуы керек. Сонда ғана біз ұжымдық иммунитет қалыптастырамыз, ал бұл инфекцияның алдын алады, таралуына жол бермейді, ең қалыпты өмірімізге оралуға ықпал етеді», деді медицина ардагері З. Севрюкова.

Алматы тұрғыны Алшынбай Нүсіпбаев та осындай пікірде.

«Мен екпені жұбайыммен бірге алдым. Себебі жақындарымыздың, балаларымыздың денсаулығы үшін алаңдаймыз. Инфекцияны жұқтырмаудың бірден бір жолы – екпе алу», деді қала тұрғыны.

Қала тұрғыны Андрей Богданов да вирусты тек вакциналау арқылы жеңуге болатынын және өзінің екпе алғанын айтты.

«Вирусты жұқтырып, қатты ауырған таныстарым да, туыстарым да көп. Мен екпе салдыруға арнайы келдім, иммунитетті арттыратын да, коронавирусты жеңетін де вакциналану», деп есептейді А. Богданов.

Вакциналанған алматылықтар әлеуметтік желілерде жиі пікірлер қалдыруда. Мысалы, инстаграм желісін қолданушы @asel.abd постында вакциналаудың бірінші кезеңінен өткенін және өзін жақсы сезінетінін жазған.

«Бұл менің таңдауым және мен тек өзімді ғана емес, айналамдағы, әсіресе, туған-туыстарым мен жақындарымның денсаулығына қауіп төндірмейтініме сенімдімін», деп жазыпты желіде @asel.abd.

Ворониндер отбасы үшін вакциналаудың маңызды екенін Ксения Воронина Фейсбукте жариялады. Ол «Менің әжемнің жасы 74-те. Бүгін ол өз еркімен Алматыдағы емханада екпе алды» деп жазды.

Дәрігерлер вакциналанған қала тұрғындарына екпе алғаннан кейін үш күн бойы өзіңді қалай ұстау керектігі айтылған жадынамалар береді.

Соңғы жаңалықтар

Марафон несімен маңызды?

Әлем • 26 Қыркүйек, 2021

Тағдыры темірдей шыңдаған қайраткер

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Шектеуде ширыққан шағын бизнес

Бизнес • 26 Қыркүйек, 2021

Пяндж өзеніндегі ерлік

Тарих • 26 Қыркүйек, 2021

Еңбекпен есейген ер

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Вакцина коронавирус қаупін сейілте бастады

Коронавирус • 26 Қыркүйек, 2021

Бейтаныс сағыныш

Әлем • 26 Қыркүйек, 2021

Astana Open турнирі аяқталды

Спорт • 26 Қыркүйек, 2021

Шекарашылар элиталық әскер болса...

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Ұлыбританияда таныстырылады

Оқиға • 26 Қыркүйек, 2021

Облыс орталығының дені ауыз сусыз отыр

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Мұрағаттардың халі мүшкіл

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтан әуежайында түтін шықты

Елорда • 26 Қыркүйек, 2021

Жалғыздық аралы

Кино • 26 Қыркүйек, 2021

Теннис: Astana Open турнирі аяқталды

Спорт • 26 Қыркүйек, 2021

Елордада қар жауады

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Балалар алаңындағы ТЖ: бала есін жиды

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Қарағанды-Балқаш тас жолы жөнделуде

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Алматыда кітап фестивалі өтіп жатыр

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Мәскеуде жеті жүлде алдық

Спорт • 26 Қыркүйек, 2021

Елордада Astana Marathon-2021 өтіп жатыр

Елорда • 26 Қыркүйек, 2021

Бүгін машина жасау күні

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус • 26 Қыркүйек, 2021

Қанша қазақстандық вакцина салдырды?

Коронавирус • 26 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Ұқсас жаңалықтар