Қоғам • 14 Сәуір, 2021

ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселесі талқыланды

1 мин
оқу үшін

Душанбе қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және Достастық елдері қарулы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшыларымен оқу-әдістемелік жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселесі талқыланды

Отырыста 2021 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттері әуе шабуылына қарсы қорғаныс бірлескен жүйесінің жедел және жауынгерлік даярлықтың біріккен іс-шараларын өткізу туралы ұсыныстар талқыланды.

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің «Жауынгерлік бауырластық – 2021» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу мәнісі бойынша баяндама оқыды.

«Жауынгерлік бауырластық» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет ТМД ӘШҚҚ біріккен жүйесіндегі жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Оқу-әдістемелік жиын барысында РФ Әскери-ғарыштық қорғаныс әскери академиясы мен РФ ӘҒК Орталық ғылыми-зерттеу институтының бастықтары Достастық елдері қарулы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылары талқылаған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру саласындағы зерттеулерді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13