Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Ускембаева, жоба үйлестірушісі Айгүл Беймишева қатысты.
Республикадағы осындай күрделі тақырыпқа психологтардың, әлеуметтанушылардың, психиатрлардың кәсіби қызығушылығы кездейсоқ емес. Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Суицидтің барлық жағдайларының 60%-дан астамы 15-17 жас аралығындағы жастарға тиесілі. Екінші қауіп тобы-25-29 жас аралығындағы жастар. Статистикаға сәйкес, жастар арасында суицид жағдайларының 90%-дан астамын мектеп пен отбасы қоздырады. Бұл ретте, 2020 жылы «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ жүргізген зерттеуге сәйкес, әрбір төртінші жас қазақстандық өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігі туралы ойланатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша неғұрлым қолайсыз өңірлер – Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары деп аталды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов жобаны қорытындылау кезінде халықаралық ұйымдардың тәжірибесін де, АҚДМ атқарымдарын да ескеру қажеттігін алға тартты. Ал нәтижелер республиканың барлық өңірлеріне таратылуы қажет. Сондай-ақ министрлікпен жыл сайынғы «Қазақстан жастары-2021» баяндамасын дайындау шеңберінде аналитикалық деректер келтіріліп, олардың негізінде қазақстандық жастардың бейнесі беріліп, осы жас тобындағы суицидтік көңіл-күй бойынша ақпарат енгізуді ұсынды.
Онлайн баспасөз конференциясына қатысушылар осы жылдың 1 наурызынан бастап «Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» республикалық жобасының іске қосылғаны туралы айтты. Жоба 9 айда жүзеге асуы тиіс. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қолдауымен еліміздің 17 өңірінде «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ іске асырылуда.
«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ президенті Маргарита Ускембаева қор 2010 жылдан бастап қазақстандық жастар арасында суицидтік көңіл-күйге түрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келе жатқанын, сол кезде ҚҚ ҚР-да суицидтің алдын алудың жалпыұлттық бағдарламасын құруды ұсынғанын хабарлап, суицидтің жасөспірімдер үшін де, олардың отбасылары үшін де оңай тақырып емес екенін атап өтті.
«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қорының мамандары 10 жыл ішінде ағымдағы жағдайды бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдар мен нысаналы топтар – ата – аналар мен қамқоршылар, оқу орындары үшін жастар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ олардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін де мол тәжірибе жинақтады.
Жобаның үйлестірушісі Айгүл Беймишеваның айтуынша, осы жылы жоба аясында республикада алғаш рет жасөспірімнің «тәуекел тобына» кіруін талдау мақсатында «Қазақстан жастары арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау Атласы» және «Жас адамның әлеуметтік-психологиялық әл-ауқат индексі» әзірленеді. Бұдан басқа, аталған құжаттарды әзірлеуді ескере отырып, жобаға қатысушылар Қазақстанның әрбір өңірі үшін суицидтің алдын алу бойынша арнайы іс-қимыл жоспарын дайындайды, алынған білімді жергілікті деңгейде одан әрі тарату үшін облыстық деңгейдегі 170 жаттықтырушыны оқытады. Ақырында, жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша 1000 ата-ана мен қамқоршыны оқыту ұйымдастырылады. Мақсаты - жасөспірімге психологиялық көмек көрсетуге қатысты психологиялық көмек пен стигмаға қол жеткізу бойынша кедергілерді азайту.
Жобаны іске асырудың 9 айында 20 мыңнан астам қатысушыны тікелей, мүмкіндігінше 50 мың адамды қамту көзделіп отыр. Осы шара аясында 1 млн қазақстандықты ақпараттандыру жұмыстары жоспарланған.