Коронавирус • 14 Сәуір, 2021

Алматы эпидемиологтары балалардың адамдар көп жиналатын орындарға бармауын ескертті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі кезінде ел халқының үштен бірі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған кезде коронавирустың таралу қарқыны төмендейтінін айтты.

Алматы эпидемиологтары балалардың адамдар көп жиналатын орындарға бармауын ескертті

Қазіргі кезде қалада коронавирусты жұқтырып, ауырғандар санының көбеюі жалғасуда. Ауруды жұқтыру деңгейінің төмендеуі бұл қала тұрғындарының коронавирустың алдын алу шараларын сақтауына, сондай-ақ халықтың вакцинацияға қаншалықты белсенді қатысатындығымен байланысты. Сондықтан да Әсел Қалықова балалар арасында жұқтырудың көбеюіне байланысты ата-аналарды олардың адамдар көп жиналатын жерлерде, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарында болуына жол бермеу шараларын қабылдауға шақырды. Сонымен қатар, ересектерге карантин кезеңінде балалардың үйде бос отырмауын қамтамасыз ету керек.

«Әзірге Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық көрініс оптимистік бағытта емес. «2021 жылдың басынан бері қалада 24 378 жұқтыру оқиғасы тіркелді, соңғы тәулікте 612 жағдай тіркелді. Іс жүзінде 1-13 сәуір аралығында коронавирустық инфекцияның 8301 жағдайы тіркелді»,- деп хабарлады Ә.Қалықова. Оның айтуынша, күннің жылынды деп босаңсудың қажеті жоқ. Қорғану шараларын сақтауды жалғастырып, вакцинация қарқынын арттыру қажет. Сонда ғана көктемнің соңында наурыз және сәуір айларымен салыстырғанда аурудың азайғанына көз жеткізуге болады.