Білім • 14 Сәуір, 2021

NIS оқушысы Пенсильвания университетінен шақырту алды

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дина Жаныбекова Шырмауық Лигасы университетінен шақырту алды. Атап айтқанда, әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірі – АҚШ-тың Пенсильвания университеті Динаның оқу шығындарын толығымен өтейтін болады.

NIS оқушысы Пенсильвания университетінен шақырту алды

–  Пенсильвания университеті туралы бұрыннан білемін. Мен секілді кино саласына қызығатын жастарға университеттің ұсынатын мүмкіндіктері пайдалы курстар, студенттер клубтары сияқты қызықты тағылымдамалар өте көп. Сондай-ақ мені университеттің орналасқан жері де қызықтырды – Пенсильвания Университеті Нью-Йорктен алыс емес, үлкен қала Филадельфияда орналасқан. Бұл өз кезегінде мен үшін өте маңызды желілік орта қалыптастырады, – дейді Дина.

Келешекте кино режиссері мен продюсері болуды армандайтын Дина Жаныбекова қазіргі таңда математика және ағылшын тілі пәндерін тереңдетіп оқуда. Дарынды түлектің жетістіктері қатарында химия және ағылшын тілі пәндері бойынша олимпиадаларға, фортепиано байқауларына және дебат турнирлеріне қатысып алған марапаттары бар. Оған қоса, Дина мектептің өзін–өзі басқару ұйымының мүшесі болып табылады. Мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысып жүр.

Пенсильвания университеті –  ең көне жоғары оқу орындарының бірі және АҚШ-тағы алғашқы университет. Білім ордасы элиталық Шырмауық Лигасының құрамына кіреді. Пенсильвания университетімен АҚШ-тың көптеген тарихи тұлғалары мен саясаткерлерінің есімдері байланысты. Солардың қатарында, Дональд Трамп, Илон Маск және Уоррен Баффет те бар.