Әлем • 15 Сәуір, 2021

Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда соңғы төрт күнде 200 мыңдай адам вирус жұқтырып, науқастардың саны күрт өскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды

Мұның бәрі вирусқа қарсы қатаң шаралар аясында өтіп жатқан мұсылмандардың Рамазан айының басталуымен тұспа-тұс келіп отыр.

«Соңғы уақытта вирус жұқтырушылар мен өлім-жітім саны артты, бұл  бізді ірі қалалардағы антивирустық шараларды қайта қатаңдатуға мәжбүр етіп отыр», деді ел президенті Реджеп Тайып Ердоған үкімет үйінің баспасөз отырысында.

Соңғы аптада елдегі инфекциялық жағдайдың күнделікті саны 50 мыңнан төмендеген жоқ. Бұл өте жоғары көрсеткіш.

«Біздің ендігі мақсатымыз – Рамазанның алғашқы екі аптасында жағдайды әлдеқайда төмендету. Егер біз осы нәтижеге қол жеткізе алмасақ, онда қатаң шаралардың қабылдануы сөзсіз болады.   Қатаң шара дегеніміз – көшеге шығуға қатаң тыйым салу. Көшеде жүретін адам азайса инфекцияның да беті қайтар еді», деді Түркия президенті.

Түркия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожаның айтуынша, түрік эпидемиясының бір ерекшелігі – қазіргі жүріп жатқан инфекцияның жағдайлары шамамен 85 пайызы өткен жылы күзде өтіп кеткен, ол ұлыбританияда табылған коронавирустың жаңа штамдық белгілері.  Түркия денсаулық сақтау министрі елде дәл қазір болып жатқан жағдайларды инфекция деңгейінің жаңа шыңы деп сипаттап, егер бұл көрсеткіш төмендемесе, онда Түркияда бұрын-соңды болмаған шектеу шараларын енгізетінін мәлімдеді.

 

Гаухар ҚАПАШ

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше