Ақпан айынан бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырыстары, оның ішінде осы мәселе бойынша Үкімет отырысы өтті, онда алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша нақты іс-шаралар тапсырылған болатын.
«Бүгінгі күні елді мекендерде су басу қаупі барынша азайтылды. Өткен үш жыл ішінде жүзеге асырылған «Жол картасын» іске асыру бүгінге дейін жалғасып келеді. Алдағы үш жылда 217 елді мекенде су басу қаупі толығымен жойылады», деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин.
Оның айтуынша, 46 тұрғын үй су астында қалған. Барлық жұмыстар жүргізілді, су сорылды, тұрғындар өз үйлеріне қайта оралуда. ШҚО-да апта соңына дейін Қарағанды гарнизонынан азаматтық қорғаныс полкі кезекшілік етеді.