Өнер • 15 Сәуір, 2021

Жамбылдың домбырасы жауға шапқан

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан

Жағына алтын жалатқан Жамбыл жырау,

Даламның пернесінде даңғыл бұрау.

Жырауға бұрау сәйкес келе ме деп,

Біреулер аузымызды аңдып жүр-ау!..

 

Аңдып жүр-ау біреулер аузымызды,

Әдеті әлімсақтан жаудың «ізгі».

Санаңа саяхатшылары келген,

Жадыңнан өшiргендей жәудір ізді.

 

Ұлтыңды даңқы дауыл ұлмен қорғар.

Құлқыңды анты жауыр құлмен қорғар.

Өзiңнiң шынтағыңнан өсіп шыққан,

Жамбылдың жағасында жүрген қолдар!

 

Аңдыған Абай менен Мұхтарды орлар.

Әбіштей жұлдызыңды жұтқан зорлар.

Бiлдiрмей қылғындырған бiлiктiңдi,

Шыңғырып көрден қайта шыққан қолдар!

 

Өзiңдi өз қолыңмен дарға асқандай,

Кейпі – Адам, кей жерлері – албасты аңдай.

Дарға асқандай соятын сол қолдарды,

Ақындарды қайраңдар алдаспандай!

 

Тәкаппарды халықтың тәубасы атқан.

Тәубалы ердiң табаны аумас аттан.

Өлеңдерге қайратып өрендерді,

Жамбылдың домбырасы жауға шапқан!

 

Езуiңнен сырғанап сыңар күлкің,

Сыңар күлкің кекеткен сынар бір күн.

«Жамбыл – ақын емес» дегендер бар,

Акындар Жамбыл емес шығар мүмкін!

 

Жамбыл таудың етегі – жауған нұрлар.

Асқарынан төгілген алуан жырлар.

Құзар шыңдай аспанда кұшақтасқан,

Tay Жамбылдан туады дәу Жамбылдар!

 

Мэлс Қосымбаев,

«Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік Дарын сыйлығының лауреаты,

 

 

Aқтay қаласы

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025