Спорт • 15 Сәуір, 2021

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды

38 рет көрсетілді

Атырауда жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

10-14 сәуір күндері Атырау қаласында 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. 4 күн бойы 250-ге жуық жеткіншектер 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Жалпы командалық есепте Шымкент қаласының спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 3 қоламен бірінші орын алса, 3 алтын, 3 күміс және 5 қоламен Жамбыл облысы екінші орын алды. Үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс және 4 қоламен Түркістан облысының спортшылары түйіндеді. Чемпионатының қорытындысы бойынша «ең үздік төреші» атағына қостанайлық Казин Узбек Ауанович ие болды.

Атыраулық боксшы Алпысбаев Жандос чемпионаттың ең үздік боксшысы, жамбылдық Қуаныш Асқар «жеңіске деген жігері үшін» және алматылық Хамза Мади «үздік техникасы үшін» арнайы марапатталды.

Айта кету керек, мамыр айында Қазақстан Республикасының жастар ойындары аясында бокс бәсекелері де Атырау қаласында өтеді деп жоспарланған. Республикалық біріншілікке 2007-2008 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысты. 

2021 жылғы Қазақстан чемпиондары келесідей:

34 кг: Нұрсұлтан Сейітбек (Түркістан облысы)

36 кг: Алдияр Бахадур (Шымкент)

38 кг: Рамазан Орынбасар (Жамбыл облысы)

40 кг: Мұхамедали Қалиев (Павлодар облысы)

42 кг: Бейбарыс Алматұлы (Түркістан облысы)

44 кг: Нұртас Балтабай (Жамбыл облысы)

46 кг: Мади Хамза (Алматы)

48 кг: Даулет Елтай (Шымкент)

50 кг: Бауыржан Мұратов (Ақмола облысы)

52 кг: Арнур Рустем (Жамбыл облысы)

54 кг: Назар Жүсіп (БҚО)

56 кг: Тагир Сатаев (БҚО)

58 кг: Аян Пернехан (Шымкент)

60 кг: Бекарыс Нұрмұхан (Маңғыстау облысы)

63 кг: Жасұлан Бердалы (Шымкент)

66 кг: Жандос Алпысбаев (Атырау обласы)

70 кг: Дулат Атейбек (Алматы облысы)

74 кг: Диас Аюпов (Мангыстауская область)

80 кг: Расул Асанханов (Қарағанды облысы) 

80 келіден жоғары:  Бексұлтан Кайратұлы (Алматы)

Соңғы жаңалықтар

Ақыретке дейінгі адалдық

Өнер • Бүгін, 10:23

Ұқсас жаңалықтар