Бұл жолғы әдеби аялдаманың безендірілу тақырыбына Алаштың аяулы ұлдары Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев және Әлімхан Ермеков туралы материалдар арқау болды. Қаладағы №1 орта мектептің жанындағы бұл аялдамада Балқаштың тұрғындары мен қонақтары QR-код арқылы қайраткер тұлғалардың өмірбаянымен және олардың танымал еңбектерімен таныса алады.
Айта кеткен жөн, бұл жұмысты «Рухани бағдарлама» аясында жергілікті педагог-мамандар жеке кәсіпкер Бақтияр Мырзабаевтың демеушілігімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында ұйымдастырды. Белсенді азаматтар алдағы уақытта да Балқаштағы автобус аялдамаларын безендіру жұмыстарының жалғаса беретінін айтады.
Қарағанды облысы,
Балқаш қаласы