Оқиға • 16 Сәуір, 2021

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолда 44 жастағы қала тұрғыны түнде жолды кесіп өтпек болғанда жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты.

«Жүк көлігінің жүргізушісі – Түркия азаматы. Ол Оңтүстік айналма жолмен жүрген кезде әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен жүргінші есін жимастан аурухана төсегінде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.