Аймақтар • 16 Сәуір, 2021

Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті

1183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 сәуір күні сағат 15:50-де «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлік жүргізушісі Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында велосипедпен ойнап жүрген 15 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті

Жол апаты салдарынан денесі көгеріп, терісі сыдырылған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген.

«Аталған факт тіркелді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, арнайы сараптамалар тағайындалды», деп қосып өтті облыстық полиция департаментінен.