Келіссөздер барысында теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысының өкілдері Нұр-Сұлтандағы электровоздар шығаратын зауыт топтың жаһандық стратегиясында маңызды орынға ие екенін атап өтті. Э. Делеонның айтуынша, бұл нысанның ерекшелігі ынтымақтастық жылдарындағы ірі инвестициялардан бөлек, технологиялар трансфертінің жүзеге асырылып, өндірістің бір бөлігі локализацияланып, жергілікті кадрларды оқыту мүмкіндігінде. Жалпы, зауыт 500-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Отандық дипломат сұхбаттасушыларға «жасыл» технологиялар Франциямен стратегиялық әріптестігіміздің басым бағыттарының қатарында екенін айтып, жақында Францияда пайдалануға берілген сутегімен жүретін пойыздарды пайдалануды қоса алғанда, экологиялық таза көлікті дамыту перспективасын атап өтті. Мұндай құрамдардың дербестігі 1000 км-ден асуы мүмкін, бұл Қазақстандағы сияқты жолдардың ұзын учаскелері үшін өзекті.
Сондай-ақ, Ж. Ғалиев Alstom-ға Қазақстандағы круиздік пойыз жобасына қатысу идеясын қарастыруды ұсынды.
Кездесу соңында Ф. Деллёр Alstom-ның елімізбен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті.