«Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», деді Алмат Мүліков. Сонымен бірге қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің айтуынша, Аяжанның денесі туыстарына мырыш табытпен берілген.
Еске сала кетейік, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің сөзінше, күдікті жасырынған пәтерден қайтыс болған студент қыздың денесінің бөлшектері табылды.
«Күдіктіні ұстау кезінде ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып денесін жарақаттаған. Бірақ оның бұл әрекеті іске аспады. Оқиға орнына дәрігерлер шақыртылып, ұсталған адам №7-ші ауруханаға жеткізілді. Оны тәулік бойы күзетеді. Айыққаннан кейін күдікті тергеу изоляторына ауыстырылады. Күдіктінің айтуынша, Аяжан екеуінің арасында жанжал туып, сосын ол оны өлтіріп, қылмыстың іздерін жасыруға тырысқан. Осы мақсатты күдікті қыздың денесін бөлшектеген. Дене бөлшектерін қаланың әр жеріне лақтырып үлгерген. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі шараны қабылдады. Тергеу жүріп жатыр», деді Салтанат Әзірбек.
29 наурызда күдікті ауруханадан шығарылып, ПД жанындағы уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамауға алынды. Күдікті Түркістан облысының тумасы, бұрын сотталмаған. Ал 31 наурызда марқұмның жақындары айуандықпен өлтірілген Аяжан Еділованың денесін әлі күнге дейін жер қойнына тапсыра алмай жүргенін айтқан еді.