Аймақтар • 16 Сәуір, 2021

Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша жалпы 900-ден астам мектепте 500 мыңға жуық оқушы білім алуда. Оның ішінде түлектер саны – 27 410. Олардың 22 мыңнан астамы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады

Білім және ғылым министрлігінің «2021 жылғы 1 наурыз бен 30 маусым аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы» 26 ақпандағы бұйрығына сәйкес облыста 5 аудан, қала және Шымкент қаласында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында ҰБТ компьютерлік форматта өткізіледі. Тестілеу орталықтарында 25 аудиторияда 620 орын дайындалған. Оқушы ҰБТ тапсыратын аудан, қаланы өз қалауы бойынша таңдайды. Барлық тестілеу пункттері тепловизорлармен, медпункттермен, зарарсыздандыру тоннельдерімен, санитайзерлермен, дезинфекциялаушы кілемшелермен, бетперделермен, қолғаптармен қамтамасыз етілген. 

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында 11-сыныпты 24658 оқушы бітірді. Облыс бойынша мектеп бітірушілерінің 18394-і (қазақ тілінде – 17070, орыс тілінде – 1320, ағылшын тілінде - 4)  тест тапсыруға өтініш берген болатын. ҰБТ-ны 17701 оқушы тапсырған.