Аймақтар • 16 Сәуір, 2021

Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі

65 рет көрсетілді

Қазіргі кезде Шу ауданында көктемгі егіс дала жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ретте күні-түні тынбай еңбек ететін диқандардың еңбегі ерен. Ал, жерден мол өнім алу үшін тынымсыз еңбек қажет. Осы орайда, Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров  орынбасары Әлихан Балқыбековпен бірге аймақтағы егіс алқаптарын аралады. Көктемгі егіс дала жұмыстарымен танысып, жұмыс бағытын көрді.

Аудандағы «Qyzylsha» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінен егіншілікпен айналысады. Мұнда биыл 765 гектар жерге қант қызылшасының жоғары сорты егіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, өңірде алғаш рет 113 гектар жерге жоғары сұрыпты голландиялық картоп өсіру де қолға алынуда. Аталған ерекше сұрып 55 күннің ішінде өнім бере бастайды екен. Ал, серіктестік иелері бұл өнімге қазірдің өзінде сұраныс жоғары екенін айтуда. Сонымен қатар, 667 гектар жерге жүгері, 600 гектар мақсары егіледі. Бұдан бөлек, «Qyzylsha» серіктестігі ирригация жобасын жүзеге асыру аясында 1562 гектар аумақты қамтитын 25 американдық «Валлей» жаңбырлатып суару құрылғыларын да орнатуда. Жалпы, биыл ауданда егістік көлемі жылдағыдан ұлғайған. Яғни, ағымдағы жылдың өнімі үшін ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 137 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 мың гектарға артқан. Қазіргі кезде Шу ауданының шаруалары осыған күш салып отыр.

Көктемгі егіс жұмыстарына 85 мың 850 гектар жер дайындау жоспарланған. Бүгінде 54 мың 511 гектар жер әзірленген. Оның ішінде 22 мың 825 гектарға арпа дақылы, 2893 гектарға көп жылдық шөптер, 3498 гектарға көкөніс дақылдары, 4090 гектарға  майлы дақылдар, 35 гектарға қант қызылшасы, 2265 гектарға бақша дақылдары, 124 гектарға картоп және 4995 гектарға бір жылдық шөп егілген. Ал, диқандардың  жаздық дақылдарына қажетті 8,1 мың тонна тұқым толығымен дайын. Оның 5пайызы элита және 7,7 мың тоннасы 3 репродукциядан төмен емес. «Сондай-ақ, қазір ауданның ауылшаруашылығы алқаптарындағы көктемгі дала жұмысын 963 техника атқаруда. Яғни, диқандарды қажетті трактор мен қосалқы техникамен қамту деңгейі 100 пайызға жеткен. «Биылғы жылы егіс қарқыны жаман емес. Алдағы күндері ауа райы қолайлы болса, қоңыр күзде мол өнім алуға болады. Ол үшін даладағы астықты күтіп-баптау шараларын осы бастан тиісті деңгейде жүргізу қажет», дейді Нұржан Календеров.

 

Соңғы жаңалықтар

Арақ сатылмайтын аудан

Аймақтар • Кеше

Ерлікке толы суреттер

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар