Аймақтар • 17 Сәуір, 2021

Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 2021 жылдың 17 сәуір күнгі соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда коронавирустық инфекцияны тағы 680 адам жұқтырғаны анықталды. Оның 562-сі симптомдық белгілері бар және 118 симптомсыз науқастар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды

Бір тәулік ішінде ауруханаларға 416 науқас қабылданды, барлық стационардан 506 науқас емделіп шықты.

Барлық инфекциялық стационарларда 3 688 адам емделіп жатса, оның ішінде102 бала бар.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде жалпы – 251 (бос төсек-орын саны – 199) сырқат жатыр.

ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 86, High flow-да 93 аппарат жұмыс істейді.

6 239 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 384 науқастың жағдайы жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 855 симптомсыз пациент тіркелген.