Қоғам • 19 Сәуір, 2021

«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі

98 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов індетке қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс барысы жайында есеп берді. Яғни «Сары аймақтағы» өңірдің эпидемиялық ахуалы облыстық әкімдік тарапынан қатаң бақылауда.

«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Медицина қызметкерлері мен барлық деңгейдегі әкімдер жергілікті жерде індет таралмауына орай қауіпсіздік ша­ра­­­ларын жүргізуде. Бұл мәселе об­лыс­тық әкімдіктің Жедел штаб отыры­сын­да апта сайын талқылануда.

– Жалпы, «Сары аймақ­та» болға­ны­мызбен, эпиде­мия­лық жағдай бір тәулік ішінде өз­геруі мүмкін, – деді облыс әкі­мі Әбілқайыр Сқақов жедел штаб отырысында. – Осы мәсе­ле­ге орай барлық жүктемені ден­сау­лық сақтау саласының ғана міндеті деп қарауға бол­майды. Жер­гі­лік­ті әкімдіктер індетті жап­­пай жұқ­­ты­рудың, таралмауын бақы­лауға алу­­лары тиіс.

Сондықтан Санитарлық-эпи­де­­мио­­логиялық бақылау депар­таменті кей­­бір шектеу шарала­рын қайта ен­гізуге арналған ж­а­­­ңа құжат дайындады. Облыс аума­ғында шектеулі каран­тиндік шара­лар туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген №9 жаңа қау­­лының толық нұсқасы жарияланды. Департамент бас­шысы Батырбек Әлиевтің мәлім­де­уінше, алдағы күндері өңірде карантиндік шаралар қайтадан күшейтілуі мүмкін.

– Өйткені, 9-15 сәуір аралы­ғын­да 313 жағ­дай тіркелсе, ал 2-8 сәуір аралы­ғын­дағы көрсеткіш – 248-ге жетті. Ауырған­дар­дың тәу­лік­тік өсімі – 0,21 пайыз, апта­лық 1,29 пайызды құрады, – дейді бас санитар дәрігер.

16 сәуірде індет жұқтырудың 43 жағдайы расталса, 28-інде ин­фек­ция белгілері анықталған. Қа­зір кәсіпкерлік нысандарында да эпидемиялық режім­нің сақтал­уын қадағалайтын мо­ни­то­рингтік топтар тәртіп бұзушы­лық­­тар­ды анықтауда. Топ өкілдері бел­гі­лен­ген тәртіп ережесін бұзылуын, ны­сан­дар­да­ғы адамдар санының шектен асуы, әлеуметтік қашықтықты сақ­та­май­тын жай­ларды тіркеді.

– Мысалы, 12 нысан иелеріне әкім­шілік айыппұл салынды,– дейді бас санитар дәрігер. – Ал бұзушылықтар жүйелі түрде анықталатын нысандар бойынша материалдар сотқа жіберілуде. Кейбір орындарға қатысты жұ­мы­сын 15 күнге тоқтата тұру тура­лы шешім де қа­былданған. Соны­мен бірге 5 адам ше­кара арқылы облысқа ПТР-анық­та­ма­сыз өтпек болған, ал 7 адам карантиндік стационарларға жіберіліпті. Соңғы тәулікте шекара арқылы облысқа 414 адам – 261 жаяу жүр­гінші және 153 жүк көлігінің жүр­гізу­шісі өткен.

Жалпы, шектеулер енгізілген уа­­қыттан бастап облысқа 87 939 адам келді, 54 358 жүргізуші ха­­лық­ара­лық тасымалдарды жү­зе­­ге асы­рушы және 33 581 жо­лау­­­шы. Ал ПТР-тек­серу үшін ка­­ран­тиндік ста­цио­нар­ларға 2 701 жолаушы орналастырыл­ды. Барлығы 25 034 ПТР-тест өткі­зілді, – делінген департамент мә­лі­метінде. Ал облыстық денсаулық сақөтау бас­қар­масының мәліметінше, 13 сәуір­де облысқа Спутник V вак­ци­на­сының бірін­ші компонентінің 21 750 және екінші компонентінің 10 750 мөл­­шері жеткізілген.

Қазіргі кезде өңірдегі 74 егу пунк­тін­де індетке қарсы екпе алуға болады. Осы күнге дейін 19 мыңға жуық тұрғын «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) вак­ци­насының I компонентін, тағы 4 мыңнан астамы – препарат­тың II компонентін алды.

– Ал жеткізілетін вакцина кө­ле­мі көбейген кезде біздің ре­сурс­тарымыз дайын болуы тиіс, – деді отырыс барысында облыс әкімі. – Орын жетпеген жағдайда емханалар басқа нысандарды жалға алу шартын жасай алады.

Сондықтан тұрғындар ара­сын­да дүрбелең туындамас үшін, олар екпені қайдан алатыны туралы ақпараттан хабардар болуы тиіс. Қалалар мен аудан­дар­дың әкім­деріне барлық егу пункт­терін ара­лап, олардың жұмысын үз­дік­сіз бақылайтын тұрақты топтар құру тапсырылды.

 

Павлодар облысы