Теннис • 19 Сәуір, 2021

Жартылай финалда сүрінді

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватиядағы Сплит 2 челлендждер турнирінің жұптық бәсекесіне қатыс­қан қазақстандық теннисшілер – Алек­сандр Недовесов пен Андрей Голу­­бев аталған жарыстың финалына шыға алмады.

Жартылай финалда сүрінді

Қазақстандық жұп ширек финалда чехиялық спортшылар Зденек Колар мен Лукаш Росолмен шеберлік байқасып, 1 сағат 19 минутқа созылған бәсекеде 6:3, 3:6, 10:8 нәтижесімен жартылай финалға жолдама алған еді. Финал жолдамасын Польша өкілдері Шимон Валков пен Ян Зелинскимен сарапқа салған отандастарымыз, өкінішке қарай, қарсыластарына 6:3, 7:6 нәтижесімен екі сетте жол беріп, финалдан құр қалды. Қазақстандық теннисшілер бұған дейін дәл осы жұпты өзге жарыстың финалында жеңген еді. Хорватиядағы бай­рақты бәсекенің жартылай финалында жерлестерімізді жеңген Ш.Валков пен Я.Зелински турнирде топ жарды.