19 Сәуір, 2021

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріп, бірнеше бөліктерге бөлініп қалған. Бұл туралы Sky.news сайты хабарлады.

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

2017 жылы Антарктида түбегінің Ларсен мұздығынан бөлінген айсбергтің ауданы 5800 шаршы шақырым, салмағы шамамен 1 триллион тонна болған. Алайда, соңғы мәліметтерге сүйенсек ірі айсберг еріп, бірнеше бөлікке бөлініп  кеткен.

АҚШ ұлттық мұз орталығының зерттеушілері бұл айсбергті бақылау мүмкін емес екенін айтады.

Айта кетейік, бұл орталық ұзындығы 20 шақырымнан асатын антарктикалық айсбергтерге атау беріп, оларды бақылаумен және құжаттарын жасаумен айналысады.

Гаухар ҚАПАШ