19 Сәуір, 2021

Екі аяғы жоқ қазақстандық бойжеткен Эверстті бағындырды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Мария Ауезова Эверест шыңын екі аяқсыз бағындырды. Ол 5 364 метр биіктікке дейін көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі аяғы жоқ қазақстандық бойжеткен Эверстті бағындырды

Марияның Instagram-дағы жазбасына зер салсақ, ол әлемдегі 5 364 метр биіктікке дейін көтерілген алғашқы қыз екен. Эверестті бағындыру үшін 1,5 жыл дайындық қажет болыпты.

«Барлығы бізге бұл мүмкін емес деген еді. Бірақ біздің қолымыздан келді. Бұл маған қандай шығын әкелетінін білемін, бірақ мен өзімнің мықты екенімді дәлелдегім келді. Аурысыну, тер, көз жасы және қатты суық мұның бәрі маған жәйдан-жәй әсер ете қойған жоқ.  Өзіңді жең, өзіңнің қорқынышың мен сенімсіздігіңмен күрес», деп жазды Мария Instagram парақшасында.

Мария Әуезова осыдан алты жыл бұрын қос аяғынан бірдей айырылған. Бірнеше жыл бұрын Мария Бурабайдағы үш шыңды бағындырған. Оның үшіншісі – осы аймақтағы ең биік шың – Көкшетау тауы (Синюха). Мария арманын жүзеге асыру үшін көп жұмыс істегенін және аптасына бірнеше рет жаттығу жасауға тура келетіндігін айтады.

Мария болашақта протездердің үстінде тұрып, жүріп өткен жолын қайтадан жеңуі үшін Эверестті қайта бағындырмақ ниетте.

Гаухар ҚАПАШ