Қазақстан • 19 Наурыз, 2021

Жастардың дебат қозғалысы қайта жаңғырады

2080 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Пікірсайыс -  ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі.

Жастардың дебат қозғалысы қайта жаңғырады

Пікірсайыс, негізінен, тарихы терең қозғалыс. Ежелгі Грекиядағы Афины демократиясындағы саяси және философиялық пікірталастар, Ежелгі Үндістандағы «Шастрартха» («Шастраның», яғни қасиетті жазулардың түпкі мәнін анықтауға бағытталған интеллектуалды пікірталас) пікірталастың көне заманнан басталғанына дәлел бола алады. Осылайша, пікірсайыс бұрынғы кездерден-ақ мемлекеттің саяси өмірінде маңызды орынды алып отырған.

Қаншама ғасырлар өтсе де, пікірталастың шет елдердегі маңызы түсе қоймаған. Британ Парламентіндегі пікірталастар Парламент пен партиялардың жұмысының, ондағы шешім қабылдаудың көрінісі болса, АҚШтағы Президенттік сайлау барысындағы пікірталастар дауыс берушілерді жинаудың құралы болып табылады. Ондағы халық та осындай пікірсайыстарды үзбей көруге тырысуда. Пікірсайыс өтетін стадиондар миллиондап адамдарды жинаса, ал бұның өзі барша телеарналардан көрсетілуде.

Бұндай халықаралық трендтен біздің ел де қалыс қалмауда. Бұның дәлелі ретінде Қазақстанда дебаттық қозғалысты алғаш рет Сорос-Қазақстан қоры 1996-2004 жылдары «Дебаттар» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы дамыта бастады. 1996 жылы тренерлерге арналған алғашқы тренингтер өткізілді, кейін олар мектеп оқушылары арасында дебаттар өткізді. Тренерлер оқушылар арасында дебаттар өткізді. Тренингтер Қазақстан бойынша дебаттар желісін кеңейтуге көмектесті. Соңғы Мәжіліс Парламентіне сайлауда пікірсайыс техникасы енгізілгенін байқадық. Десе де қоғам тарапынан, қарапайым адамдардың тарапынан пікірсайысқа үлкен бір жанашырлық танылып жатқанын байқамадық.

Қоғамдық дамудың жаһандық ақпараттандыруға бетбұрысын ескеретін болсақ, қазіргі кезде заманауи мектептердің алдында жаңа міндеттер тұр. Оның ішіндегі ең бастысы - адамдарды тұлға ретінде қалыптастыру, оған жағдай жасау. Елдің дамуы адамдардың азаматтық қоғамға белсене қатысуынсыз жүрмейтіні анық. Пікірсайыс та, адамдардың сыни ойлауын дамыта отырып, өз ойын қалыптастыруға, бір мәселеге әртүрлі жақтан қарауға үлкен септігін тигізеді. Балаларымызға да өз көзқарастарын сенімді түрде дәлелдеуге, білімді түрде пікірталастыруға, белгісіздік жағдайында саналы таңдау жасауға, кішіпейіл болуға, жаңа достар табуға және олардың әрекеттері үшін жауап беруге көмектесу - мәдени әлемнің маңызды бөлігі.

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектеп және колледж пікірсайысын дамыту мақсатында түрлі пікірсайыс алаңдарын құрып, өз үлесін қосуда. Жобалық кеңсенің әр күні басқасына ұқсамайды. Кеңседегі жұмыстың әр күні – бұл тұрақты кездесулер, тәжірибе, вебинарлардағы идеялармен алмасу, мектептердің, колледждердің кейбір пікірсайыс клубтарының пікірсайыс турнирлеріне қатысуға шақыру, сындарлы пікірталастар, турнирлерді өткізу ережелері туралы оқыту шағын фильмдерінің бейнетүсірілімдері және тағы басқалар. Жаңа таныстардан, достардан және серіктестерден керемет энергия мен қанағаттану! Онымен қоса, білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, дебат қозғалысының дамуының бастауында болған, саяси ғылымдарының докторы, ALMAU профессоры, Ұлттық дебат орталығын басқарған Отарбаева Б.З., Имжарова З., Райимкулова Ж., Аукенов Е., Кулжан М., Ашим Нартай, Сайлауқызы А., Абданбеков А., Аубакиров К., Черниязданов Ч., Абишев Г., Байдуйсенов А., Байгараев Д., Дархан Мухан, Шайкен Макажан, Бекбасова Жанар секілді және басқа да ардагер пікірсайысшылардың еліміздегі «алтын фонд» қатарына қосылуда.

Осындай пікірлестер командасымен, жарқын, ойын-сауық зияткерлік ойын сияқты пікірсайыстар біздің жастарымыздың сыни ойлауын, толеранттылығын, жауапкершілігін, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілетін қалыптастырудың қуатты зияткерлік құралы бола алады.

Шер Раиса Петровна,

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры