ANTIKOR • 20 Сәуір, 2021

Семейде жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша әкімшілік кодекстегі жаңалықтар түсіндірілді

19 рет көрсетілді

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин жұмыс сапарымен Семей қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сапардың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өз иелігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құралдардың барлық спектрін алуға мүмкіндік беретін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілген жаңалықтарды түсіндіру.

Сапар барысында Шульбинск кенті әкімдігінің ғимаратында орналасқан Сервистік әкімдіктің жұмысымен танысты. Бұл қызмет «Open Space» форматында жұмыс істейді. «Сервистік әкімдік» - азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді, ақпараттық ашықтықты, азаматтар үшін мемлекеттік органның есептілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Семей қаласының әкімдігімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Байділдин, «Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, Семей қаласы әкімінің орынбасары А. Садырбаев және аппарат қызметкерлері мен құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Түсіндіру жұмыстарымен қатар қалалық білім бөлімі мен мәдениет бөлімі ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша есеп берді.

Жұмыс барысында Шәкәрім университетінің ректоры Б. Ердембеков пен университеттің құрылымдық бөлімшелері және БАҚ өкілдерімен кездесті.

Сонымен қатар, аймақтық «SEMEI» телеарнасының «DIALOG» қоғамдық саяси бағдарламасына сұхбат берді.

Іс сапар соңында барлық жиынға қатысушыларды адалдыққа, адамгершілікке, мемлекет мүддесіне қызмет етуге және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Арақ сатылмайтын аудан

Аймақтар • Кеше

Ерлікке толы суреттер

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар