– Кеше қызыл аймаққа Өскемен, Семей, Аягөз кірді. ШҚО бас санитариялық дәрігері 22 сәуірден бастап осы қалаларда карантиндік режимді күшейту туралы қаулыны республикамен келісуі керек, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары «мен карантиндемін» қосымшасын қайта қолдануды ұсынды.
Айта кетерлігі, Өскеменде сегіз мектеп карантинге жабылды
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің арнайы қаулысымен №2, 4, 7, 11, 37, 43, 47 және физика-математика (бұрынғы №25) мектеп оқушылары екі апта бойы үйден оқиды.