Аймақтар • 20 Сәуір, 2021

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «Әйгерім-2» шағынауданында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Өрт 20 шаршы метрді шарпыған.

«ТЖД «101» пультіне 20 сәуір күні түскі сағат 11- лер шамасында куәгерлерден Алатау ауданы «Әйгерім-2», шағын ауданындағы Қожаханов-Бембердин көшелерінің қиылысында автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті, 7 минуттің ішінде келгенде өрт сөндірушілер «Лиаз» маркалы автобустың жанғанын анықтады. 20 шаршы метр жерді жалын шарпыған. Дереу көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын суытуға бөлек өрт оқпандары берілді», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 11:22-де ауыздықталып, жеті минутта толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше