Маңғыстау облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды. Аталған іс-шара облыстың табиғатты қорғау полициясымен, ЖҚАЖ қызметкерлерімен, сондай-ақ Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонымен және Түпқараған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
Мәселен, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлермен жүксалғыштан жалпы салмағы 148 килограмнан асатын бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді. Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.