Елорда • 20 Сәуір, 2021

Өте ыңғайлы. Елордалықтар газдандырудың артықшылығы туралы айтты

269 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Елорданың тұрғын үй алаптарында 345 км орамішілік газ тарату желілері салынды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өте ыңғайлы. Елордалықтар газдандырудың артықшылығы туралы айтты

Егер өткен жылыту маусымында (2020-2021 ж) Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашық бөлігі тұрғын алаптарына газға қосылу мүмкіндігін жасалса, жаңа жылыту маусымында елорданың тағы төрт тұрғын алабы газға қосылмақ. Оңтүстік-Шығыс, Железнодорожный, Көктал-1, Агроқалашық (2020 жылы газға қосылмаған бөлігі) тұрғын алаптарына газ тарту желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, жаңа жылыту маусымында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерін газға қосуды жоспарлап отыр.

«Биыл бізде керемет өзгеріс болды. Газ тартылды. Көбісі сенбеп еді. Іс жүзінде бәрі жылдам өтті. Қыстың ортасында газға қосылып үлгердік. Өте ыңғайлы. 24/7 үйде отырудың қажеті жоқ, көмір сақтау, оның сапасы, күл шығару секілді қиындықтарын ойлап көріңіз. Елорданы газдандыру бізге Елбасының арқасында келді», деп атап өтті Үсіпбек Бейімбеттің отбасы.

Елорда әкімдігі қала тұрғындары үшін әлеуметтік көмектің түрлі тетіктерін енгізді: жеке сектор тұрғындары үшін тегін негізде есептегіштер қарастырылды. Сол сияқты «Halyk bank» АҚ «ECOJER» қауымдастығымен бірлесіп, қала тұрғындарына үйлерді газға қосу үшін пайызсыз несие беру ұйымдастырылды.

Сондай-ақ газдандыру басталған сәттен бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың газға көшуі бойынша көмек көрсету тетігі енгізілді. Жекеменшік үйі бар зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі ересектерге/кәмелетке толмағандарға, көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Негізгі талап — өзінде және отбасы мүшелерінде басқа үйінің болмауы және төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (153 872 теңге).

Осы санаттардың газға қосылуы үшін

90 АЕК – 262 мың 530 теңге мөлшерінде ақшалай көмек бөлінеді. Әлеуметтік көмектің осы түрін алуға өтінімді электрондық үкімет порталы egov.kz («электрондық өтініштер» — «Қызметке онлайн тапсырыс беру») арқылы қалдыруға болады.

Сонымен қатар, өткен жылы газ тарифі төмендетілді. Газдың бір текше метрінің бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді (бұрын бір текше метр үшін 60 теңге белгілеу болжанған болатын).

Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Газдандыру қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға және жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше