Түлектерді «Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Николаевна Сәкенова қарсы алып, алғы сөз сөйледі. Сәкенова ханым түлектердің кездесуі жақсы дәстүрге айналғанын тілге тиек ете келе, олар әр жыл сайын үлкен бір отбасының мүшелері сияқты үлкен сағынышпен кездесетіндерін атап айтты.
Елена Сәкенова әрқайсымыздың өсіп-өркендеуіміз, дамып-өсуіміз және өз-өзімізді тануымыз үшін Сара Алпысқызы барлық жағдай жасауды армандайтыны туралы айтты. Сонымен қатар. түлектер назарына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейнеүндеуі ұсынылды.
«Өзін өзі тану» колледжі мен гимназиясының түлектері Сара Алпысқызына жылы лебіздерін жолдап, «Өзін-өзі тану» пәні үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, қазіргі кездегі жетістіктерімен бөлісті. Түлектер «Бөбек» ҰҒББСО-ның қызметкерлеріне және ұстаздарына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кездесу барысында «Бөбек» орталығының түлектері мен тәрбиеленушілері дайындаған шығармашылық нөмірлер көрсетілді.