Теннис • 21 Сәуір, 2021

Бублик те, Диас та ұтылды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 1 565 480 евроны құрайтын АТР турнирінің екінші кезеңінен аса алмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бублик те, Диас та ұтылды

Тұсаукесер кездесінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте 48 орында тұрған Алехандро Давидович-Фокинадан айласын асырған еді. Екінші кезеңде ол Алекс де Минаурмен шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде АТР рейтингінде 25 орынға жайғасқан 22 жастағы Аустралия теннисшісінің асығы алшысынан түсті. Ол 7:6, 6:2 есебімен басым түсті.

Түркияның Ыстанбұл қаласында WTA турнирі басталды. Жүлде қоры 235 238 АҚШ долларын құрайтын жарыста Зарина Диас өнер көрсеткен еді. Алайда ол Эстонияның ең үздік теннисшісі Клаудио Канепиеге 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.