Медицина • 22 Сәуір, 2021

Қостанай облысында вакцинация тоқтатылды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында вакциналау мәжбүрлі түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Қостанай облысында вакцинация тоқтатылды

Оған себеп – «Спутника V» вакцинасының бірінші компонентінің таусылуы.

Вакциналау басталғалы Қостанай облысында 30 мыңға жуық адам егілді.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Анжела Бексұлтанованың айтуынша, вакцина қазір Нұр-Сұлтанда.

«Ертең біздің аймаққа шамамен 5 мың доза вакцина келеді. 25-26 күндері шамамен 21 мың доза келеді, ал 28 сәуірге қарай 6 мыңға жуық доза күтудеміз»,  деп түсіндірді А.Бексұлтанова.