«Өрт туралы хабар 22 сәуір күні таңғы сағат 06:43-те кезекші пультіне түсті. 2 өрт сөндіру техникасы мен 11 қызметкер оқиға орнына санаулы минуттардан соң жетті. Пәтердегі жиһаздар мен үй бұйымдарының бәрі жанып үлгерген. Өрт сөндіру барысында пәтер ішінен 1969 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Марқұмның өртенген пәтердің иесі екені анықталды. Өрт сағат 07:01-де толық сөндірілді. Қайғылы оқиғаның себебі тұтанған темекі тұқылынан болуы мүмкін деген болжам бар», деп мәлімдеді облыстық ТЖҚ-нің баспасөз орталығы.
Қостанай облысы