Сондай-ақ шетелдік туристер үшін қандай шарт қоятынын да атап өтті.
Басқа елдерден келетін саяхатшылар үшін 14 мамырдан бастап шекараны ашуды жоспарлап отыр. Оған дейін 7 күндік карантин күшінде қала бермек.
Туристер елге кіру үшін вакцина салдырғаны туралы сертификаты, оның ішінде ресейлік «Sputnik V» вакцинасын немесе коронавирусқа қарсы ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсету керек. Коронавирусқа қарсы антиденеге жедел тесттерді барлық туристерге емес, ішінен іріктеп тестілеуі мүмкін. Жылдам талдау нәтижесі 10 минуттан кейін дайын болады.
Вирус жұқтырған жолаушылар әуежайдан бақылау орнына тікелей жіберіледі. Обсерваториялық қонақ үйлер шекаралардың жанында орналасады.
Гаухар ҚАПАШ