Тағайындау • 22 Сәуір, 2021

Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін басы дауға қалған еді. Алайда, қазір ол жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды

Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Тұмабаев Қуат Мұхитұлы экспортты қолдау департаментінің директоры болып тағайындалғанын растады. Ол жұмысқа мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, конкурстық процедуралар негізінде алынған.

«Конкурсқа қатыстыру немесе қатыстырмау талаптары заңда жазылған. Конкурстық комиссия мүшелерінің барлық процедурасы АДГС сайтында  ашық көрсетілді. Барлығы жарияланды. Оның (Қуат Тұмабаевтың – ред) конкурсқа қатысуға ешқандай шектеулері болған жоқ», деді баспасөз қызметінің өкілі.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 15 сәуірінде Риддер қаласында 18 жасар жаяу жүргіншінің өліміне алып келген жол-көлік оқиғасына Қуат Тұмабаевтың қатысы бар екені айтылған. Яғни ол бозбаланы қаққан жүргізушінің жанында отырып, кейін басқа көлікпен кетіп қалған.

Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оның мұндай жоғары лауазымға лайық еместігін айтып, қызметінен босатқан еді. Қуат Тұмабаевтың бүгінге дейін немен айналысқаны белгісіз. Бірақ жаңа қызметке мемлекеттік қызмет туралы заңға сай конкурс арқылы келген.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше